Қазақстанда электрвелосипед иелеріне жаңа тыйым салынады

Қазақстанда электрмен жүретін велосипед жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолағында жүруге тыйым салынады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды irbistv.kz Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

19 қыркүйек сенат депутаттары көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру туралы заңды мақұлдады. Сонымен қатар, министрдің орынбасарына қазақстандықтарға мопедпен қатар электрмен жүретін велосипедті де тіркеу қажет пе деген сұрақ қойылды.

"Велосипедтер қазірге жоқ. Жалғыз нәрсе - электр қозғалтқыштары бар велосипедтерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарларда жүруге тыйым саламыз. Осы Заң аясында", - деп жауап берді Игорь Лепеха.

фото: Freepik.com