Қазақстанда мобильді аударымды тексеру шегі өсті
Қазақстанда салық органдары кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалатын азаматтардың мобильді аударымдарын тексереді. 2026 жылдан бастап банктер мұндай операциялар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға әр тоқсан сайын жіберіп келеді.
Енді Қаржы министрлігі азаматтардың жеке шоттарына түсетін аударымдардан кәсіпкерлік табысты анықтау шегін көтерді. Тиісті бұйрыққа сәйкес, бұрын бұл көрсеткіш ең көбі 12 ең төменгі жалақыны, яғни айына 1 миллион 20 мың теңге болса, енді үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен (2026 жылы – 1 миллион 557 мың теңге) асуы керек.
Салық органдары азаматтың мобильді аударымдарына назар аударып, оған хабарлама жіберуі үшін екі талап қатар орындалуы қажет:
-
үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп түрлі адамнан ақша түсуі;
-
осы үш айдағы аударымдардың жалпы сомасы 360 АЕК-тен асуы.
Демек, аударымдардың жалпы сомасы белгіленген шектен асса болды тексере бермейді. Тексеруге алу үшін екі талап та қатар орындалуы керек.
Жаңа ереже 11 қарашадан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, туыстар бір-біріне ақша жіберсе, мұндай аударымдар кәсіпкерлік табыс ретінде есептелмейді. Сондықтан салық органдары оларды мобильді аударымдарды тексеру кезінде ескермейді.
Еске салсақ, қаржы министрлігі 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы мобильді аударымдар деректерін талдағаннан кейін азаматтарға хабарламалар жібере бастаған еді.

