• Басты бет
  • Қазақстан
  • Қазақстанда онлайн-жезөкшелікке тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді

Қазақстанда онлайн-жезөкшелікке тыйым салатын заң ресми түрде күшіне енді


Қазақстанда "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң ресми түрде күшіне енді, ал онлайн-жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жазаға тартылатын болды деп хабарлайды irbistv.kz. Polisia.kz сілтеме жасап.

ІІМ ресми медиапорталының ақпаратына сүйенсек, 5 қыркүйекте Қазақстанда "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң күшіне енген. Заң шеңберінде Қылмыстық кодекске "сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер" туралы жаңа ұғым енгізілген. Бүгіннен бастап: адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетуге тарту, сол сияқты осы мақсаттар үшін жеңгетай болу; осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында жезөкшелікті, жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау; телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернетті пайдалану арқылы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау қылмыстық жазаға тартуды көздейді. Сонымен қатар, заңда жезөкшелік қызметін, кәмелетке толмаған адамның көрінеу көрсететін өзге де жыныстық сипаттағы қызметті алғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізіледі. Бұл Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

"Адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату алынып тасталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексі жәбірленушінің арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығымен толықтырылады", - делінген ІІМ хабарламасында. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға және прокуратураға жаңа туған нәрестені тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактілері туралы хабарламағаны үшін баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың лауазымды қызметкерлеріне жауаптылық енгізілді.