Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

 

 

Министрлік іс-шаралар жоспарын ұсынды дейді irbistv.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

 

-Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады. Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы; «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы; Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі; «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады,-деп мәлім етті оқу-ағарту министрлігінде.

 

Аталмыш іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

 

Фото: Freepik.com