Қазақстандықтар көбінде қай мерекеде жарақат алады?

Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған баспасөз-тур аясында БАҚ өкілдерімен кездескен Н.Ж.Бәтпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары Арман Бәтпен елдегі жарақат ең көп тіркелетін мамандықтарды атады дейді irbistv.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

 

БАҚ өкілдері тұрғындар ең көп жарақат алатын мейрамдардың алғашқы үштігін сұраған.

 

-Жарақат ең көп тіркелетін мейрамдардың көшін Жаңа жыл бастап тұр. Одан кейін 8 наурыз мерекесі. Үшінші орында Наурыз мерекесінің демалыс күндері мен мамыр айындағы мейрамдар тұр деуге болады. Біз әр мейрамның нақты статистикасын бере алмаймыз. Өйткені біз ондай статистика жүргізбейміз, — деді маман.

 

Сондай-ақ, ол елде ең көп жарақат тіркелетін мамандықтардың алғашқы бестігін атады.

 

-Біріншісі— құрылысшы мамандығы. Одан кейін жүргізушілер көп жарақат алады. Үшінші орында шахтерлер болса, төртінші орында полиция қызметкерлері жиі түседі. Бесінші— әртүрлі қара жұмыс істейтін азаматтар,— деді Арман Бәтпен.

 

Фото: Freepik.com