Қазақстандықтардың шығыны табысына сай келмесе не болады?

 

 

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында салық органдарының қазақстандықтарға қандай жағдайда сұрақтары туындауы мүмкін екенін түсіндірді, , деп хабарлайды irbistv.kz Zakon.kz сілтеме жасап.

 

Журналистер салық органдарында әрбір қазақстандық туралы дерлік цифрлық деректер жинақталғанын атап өтті. Сөз Smart Data Finance жүйесі туралы болып отыр. Осыған байланысты олар жүйе адамның мемлекетке көрсеткен табысы мен нақты тұрмыс деңгейі арасындағы айырмашылықты анықтай ала ма деп сұрады.

 

"Smart Data Finance шынымен де 80 дереккөзден мәлімет жинайды. Бұл – Салық кодексіне сәйкес алынатын жылжымайтын мүлік, автокөліктер, жер және басқа да деректер. Мобильді аударымдар туралы мәліметтерді тек белгілі бір жағдайларда ғана көре аламыз, оның өзінде бізге толық ақпарат берілмейді. Дегенмен табысыңыз бен шығыныңыздың арасында едәуір айырмашылық болса, оның себебін растайтын мәлімет ұсыну қажет", – деді ол.

 

Бұл жерде ресми табыс көзі болмағанына қарамастан, ірі сатып алулар жасаған азаматтар туралы айтылып отыр.