• Басты бет
  • Әлем
  • Африкадағы құрғақшылық: климаттың өзгеруі 120 миллионға жуық адамның өміріне қауіп төндірді

Африкадағы құрғақшылық: климаттың өзгеруі 120 миллионға жуық адамның өміріне қауіп төндірді

 

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның ақпаратына сүйенсек тиісті шаралар қабылданбаса, 2030 жылға қарай Африкада 118 миллионға жуық кедей халық құрғақшылық, су тасқыны және аптап ыстықтан зардап шегеді деп хабарлайды irbistv.kz kaz.inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі) континенттегі климаттық жағдай туралы («Африкадағы климат жағдайы 2023») баяндамасын жариялады, онда климаттың өзгеруі

Африкадағы 120 миллионға жуық адамға қауіп төндіретіні аталып өтеді.

Баяндамаға сәйкес, Африка климат өзгерісінің ауыртпалығын және қажетті бейімделудің пропорционалды емес шығындарын өткеріп жатыр. 2030 жылға қарай Африкадағы 118 миллионға жуық кедей халық тиісті шаралар қабылданбаса, құрғақшылықтан, су тасқынынан және қатты ыстықтан зардап шегеді.
Орта есеппен Африка елдері ЖІӨ-нің 2-5%-ын жоғалтады, ал олардың көпшілігі өз бюджеттерінің 9%-ға дейінін төтенше климаттық құбылыстармен күресуге арнайды. Алайда Сахараның оңтүстігіндегі Африкада бейімделу құны алдағы онжылдықта жылына 30-50 миллиард долларға бағаланады.

Ауа райы ұйымы Африка елдері ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтерге ұлғайтылған инвестицияға басымдық беруі керек және «Баршаға арналған ескертулер» бастамасын жүзеге асыруды жеделдету керек дейді.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы Селеста Сауло соңғы 60 жылда Африкадағы жылыну үрдісі әлемдік деңгейден әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын атап өтті.

«2023 жылы континент адам өліміне әкеп соғатын ыстық толқындар, нөсер жауын, су тасқындары, тропикалық циклондар және ұзаққа созылған құрғақшылықты бастан өткерді», - деді ол.

 

фото: freepik.com