Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй инспекциясына жылу кемдігі бойынша 150-ге жуық шағым келіп түсті. Қазір мамандар салқын батареясы бар баспаналарды анықтауда.
Тұтынушыларға үйдің ішіндегі есептеу құралдарын бақылауда ұстау кеңесі берілді. Ал егер де құрылғы тексерістен өтпеген жағдайда жылу үшін төлем норма бойынша есептеледі.