Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің берген ақпараты бойынша қазанның 29-ы түнгі сағат үш жарымдар шамасында Нұркин көшесіндегі 75-үйде орналасқан ғимаратта өрт шыққан туралы хабарлама келіп түскен.
Жалын төрт қабатты ғимараттың бірінші және екінші бөлігін шарпыған. Оқиға орнына жеткен жетпістен астам өрт сөндіруші тілсіз жаумен үш сағаттай күресті.