06 тамыз 2021, 18:48
477
КЭЗ Павлодарлық балаларға үлкен сыйлық жасады
Еуразиялық топ құрамына кіретін Қазақстан электролиз зауытының кәсіподақ комитеті «Металлург» қаласының балақайларына керемет сыйлық табыстады. Енді Лесная 12А және 12Б мекенжайының тұрғындары заманауи футбол және балалар алаңында уақыттарын өткізе алады. Қос кешен кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен күрделі жөндеуден өтті.
