«Строитель» бағбаншылығындағы «Черемуховая» аллеясында коммуналдық апат орын алды. Кәріз жүйесіндегі ақау салдарынан бұл жер нағыз мұз айдынына айналған. Қатып қалған судың астында трансформатор бекеті және телефон желісі жатыр дейді бағбаншылық төрағасы.
Көлік жүргізушілері жолтабандарға шағымдануда. Оларды бейнеге түсіріп, біздің редакциямызға жіберген. Айтуларынша, оның барлығы қыс басталғалы аулалар арасындағы жолдарды тазаламағаннан пайда болған.