Жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй инспекциясына жылу кемдігі бойынша 150-ге жуық шағым келіп түсті. Қазір мамандар салқын батареясы бар баспаналарды анықтауда.
Павлодарда жылу беру үдерісі бір қалыпқа түсті. Естеріңізге салсақ, оның алдында энергетикалық компанияның мамандары бір айдың ішінде параметрлерді реттейтіндерін айтқан еді.