COVID-19 және вирустық инфекциямен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы төлеу жалғасуда. Ең жоғарысы - 850 мың теңгені құрайды. Ол аса қауіпті аймақта еңбек етіп жатқандарға беріледі.
Ақтоғай ауданына қарасты Мүткенов ауылында бірнеше жүз жыл көлемінде жер астында жатқан сүйектер табылды. Мұның адамға немесе жануарға тиесілі екені белгісіз, бірақ тұрғындардың айтуынша өткен он жылдықтарда Ертіс өзенінің жағалауынан адамдардың сүйектері анықталынған екен.
Еуразиялық топ құрамына кіретін Қазақстан электролиз зауытының кәсіподақ комитеті «Металлург» қаласының балақайларына керемет сыйлық табыстады. Енді Лесная 12А және 12Б мекенжайының тұрғындары заманауи футбол және балалар алаңында уақыттарын өткізе алады. Қос кешен кәсіпорын қызметкерлерінің көмегімен күрделі жөндеуден өтті.