Құлақ құрышын қандырар әсем ән мен тәтті күйді сағынған көрермендердің қуанышында шек болмады. Кеш барысында баршаға танымал классикалық туындылар орындалды.
Бұл жолы Павлодарское ауылындағы жеке қосалқы шаруашылық карантинге жабылды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін үй құстары Тереңкөл ауданында жойылған еді.
Қызмет көрсетуші ұйымдардың басшылары жылу параметрлерінің аздығына шағымдануда. Нәтижесінде көпқабатылардың басым бөлігіне қажетті температура берілмеуде. Оларға мәселенің себебін ешкім түсіндірмейді.
«Қазақстан алюминийі» АҚ-да жас мамандарға арнайы жоспар құрылған. Компания қызметкерлерінің айтуынша кәсіпорында аз уақыт ішінде басшылық қызметке дейін жетуге болады. Ол үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Бұл туралы осында қызмет атқарып жатқан мамандар айтып берді. Виталий Кукшин де Торайғыров университетін тәмамдаған.
Қамзин 80 ауласында өсіп тұрған ағаштардың биіктігі 8 қабатқа дейін жетеді. Бүгінде бірнешеуі қурап қалған. Жуырда қатты жел салдарынан бір пәтердің әйнегі сынған.
Павлодардағы жеке сектордың 326 баспанасы ғана ресми түрде жылуға қосылған. Қаламызда жалпы 4,5 мыңға жуық жер үй тіркелген. Энергетикалық компанияда бүгінде қанша үйдің батареясы жылы деген нақты ақпаратты айту қиынға соғады деді.