Ағымдағы жылдың ІI тоқсанында Павлодар облысының үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша тұтынуға пайдаланылған табыс мөлшері орташа жан басына шаққанда бір ай ішінде 80593 теңгені құрайды.
Бұрынғы реніштері үшін танысын өлтірген зейнеткерді 12 жылға бас бостандығынан айырды. Естеріңізге сала кетейін, ақпан айында Екібастұздағы аулалардың бірінде оқ атылған.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Атамекен» экспедициясы Баянауыл өңірінің сакралды орындарына барып қайтты. Негізгі бағыт Мәшһүр Жүсіп пен Мұса Шорман кесенесі, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ауылы мен «Қоңыр әулие» үңгіртасы болды.
Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үй тұрғындары осындай шағыммен жүгінді. Алпауыт қызметкерлері қалдық суларды сорып әкеткенімен, мәселе бірнеше жыл бойы шешілмей келеді.
Екібастұз тұрғыны екі ер адаммен төбелескені үшін 15 жылға темір торға қамалды. Оқиға 2021 жылдың басында болған. Жапа шеккендер арасында өлім құшқандар жоқ.