- Сенбі күні таңертең Толстой көшесі, 101/1 мекенжайында 54 жасар шет елдіктің жүргізушісі рұқсат етілген жаяулар өткелімен кетіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды басып кеткен. Ол жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Аймағымызға Нұр-сұлтан қаласының ұлттық ғылыми медициналық орталығының кардиолог дәрігері келді. Жұмыс сапары барысында жергілікті мамандармен тәжірибесімен бөлісуде.
Бірегей тұжырымдама арқасында саланың өндірістік қуаттылығы мен туристік кәсіпорындар санын арттыру жоспарда бар. Дегенмен, бағдарламаның бірқатар осал тұстары сынға ұшырады.